Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдерінен Ресейдің зымырандарына қарсы тұру үшін заманауи әуе қорғанысы жүйесін беруді сұрады. «Бақылаушы емес, шынымен де серіктес болсаңыздар, тезірек қимылдау қажет» деді ол түнде жасаған бейнежолдауында.
Айта кетсек, Ресей күштері жексенбіде ел астанасы Киевті тағы шабуылдады. Қалаға бірнеше зымыран жіберген. Снарядтар тұрғын үйлерге, балабақшаға түсті. Сол күні түске таман Беларусь аумағынан тағы да ракеталар ұшырылып, бірнеше жарылыс болған. Мұны «Би-Би-Си» хабарлады. Киевке шабуыл Германияда «Үлкен жетілік» елдерінің саммиті өтіп жатқан кезде жасалды.