Бүгін Ақордада мемлекет басшысы жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімін қабылдады. Бейбіт Исабаевтың айтуынша, өңірді дамытуда ауыл шаруашылығы мен өңдеу секторына баса мән беріледі. Сондай-ақ басқа салаларда құны 730 миллиард теңге болатын 24 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Өңір экономикасын дамыту үшін туризм саласының мол әлеуеті бар. Мемлекет басшысы өңірдегі су арналарын жаңарту, қолжетімді баспана құрылысын арттыру, жолдарды жөндеу, газбен қамту, бизнесті дамыту секілді бірқатар өзекті мәселені шешу қажет екенін айтты.