Батыс Қазақстан облысында көлге батқан 8 жасар бала ұшақпен іздестіріліп жатыр.
Оқиға кеше кешке қарай Теректі ауданы Сарыөмір ауылы маңындағы Шалқар көлінде болды. Үрлемелі матрастағы ата-анасының қарауынсыз қалған ер бала жел айдап, көлдің ортасына қарай ағып кеткен. Оны құтқарамын деп 1957 жылғы атасы ұмтылған.
Атасы мен немересін іздеуге алдымен қайық, кейін «ҚазАвиаҚұтқару» кәсіпорнының ұшағы қосылды. Түнде ер адам табылды. Ал баланы іздеу жалғасып жатыр.