Келесі айдан бастап төлеу мерзімі 90 күннен кешіктірілген шағын несиелер бойынша сыйақы есептеуге тыйым салынбақ. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының айтуынша бұл қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарды одан сайын қарызға батырмас үшін жасалып отыр. Бұған дейін төлеу күннін үш айдан кешіктіргендерге өсімпұл есептеуге тыйым салынған еді. Енді сыйақы да қосылмайтын болды. Қазір елімізде шағын несие беретін 200 ден астам қаржылық ұйым бар. Оларға ел азаматтары 45 миллиард теңге берешек.