Ауғанстанның шығысында қуаты 6,1 баллдық жер сілкінісінен кемінде 200-ге жуық адам қаза тапты. Мұны бүгін осы елдің Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.
Құрбандардың көбі – Пактика провинциясының тұрғындары. Бұнда 100 адам өліп, 250-і жараланды. Мерт болғандар Нангархар, Хост провинцияларында да тіркелді.
Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, жан тәсілім еткендердің нақты саны анықталып жатыр.
АҚШ-тың Геологиялық қызметінің хабарлауынша, зілзала ошағы Пәкістан шекарасы маңында 51 метр тереңдікте анықталды. Жер дүмпуі Ауғанстанда, Пәкістанда, Үндістанда 119 миллион адамға сезілген.