Алматы облысында салт атты әйел суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында салт атты әйел суға кетті

22.06.2022

Алматы облысында салт атты әйел ағыны қатты өзеннен өтпек болып, суға кетті.

Оқиға Райымбек ауданында болған. Ерлі-зайыптылар таулы аймақта мал бағумен айналысқан. Жайлауға көшіп бара жатқан кезде 48 жастағы әйел күйеуімен тау өзенін кесіп өтіп бара жатқанда суға ағып кетеді. Ер адам шығып үлгерген. Алайда азаматша атымен бірге өзен ағысына төтеп бере алмаған.

Әйелдің денесі кеше күні таңда табылды.


Хабарламаларға жазылу