Жұмысшылар өлімі: Құлаған шатырдың жаңадан салынғаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмысшылар өлімі: Құлаған шатырдың жаңадан салынғаны анықталды

21.06.2022

4 адамның өліміне соқтырған «АрселорМитталТеміртау»-дағы қайғылы оқиғаға қатысты тың деректер жарияланды. Жұмысшылардың үстіне опырылып түскен шатыр жаңадан салынған екен. 2021 жылы қаңтарда цехтың төбесінде бірнеше плита құлаған. Сол кезден бастап ол жер өндірістік қолданыста болмапты. Ғимараттың техникалық жағдайы тексеріліп, мамандар 100-ге жуық плитаның апатты жағдайда тұр деп қорытынды шығарған. Осылайша төбе қайта жабылған. Нысанға жөндеу жұмыстарымен айналысатын мамандар мен инженерлік-инфрақұрылымды жабдықтаушы бригада ғана кіре алады. Ал мұндағы ескі пешті бұзуға жұмысшылар маусым айының басында кіріскен. Өкінішке қарай төбе опырылып 5 адамның 4-уі қайтыс болды. Бірі ауыр жараланып ауруханаға түскен еді.

Наир Виджу, «Арселор миттал теміртау» АҚ Бас директоры:

Бұл нысан қолданыста емес. Онда ешқандай өндіріс болған жоқ. Ескі төбе плиталарын жаңалау жұмыстары істелді. Осы уақытқа дейін 50 пайызы аустырылғантын. Жұмысшылар болған аумақтың төбесі жаңадан жабылған.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу