Ұлыбританияда бүгін теміржолшылардың соңғы 30 жылдағы ең ірі ереуілі басталды. Демонстрацияға қатысып жатқан ондаған мың адам жұмысқа шығудан бас тартқан. Кешке қарай ереуілге тағы мыңдаған адам қосылуы мүмкін.
Олар шара барысында еңбекақы және жұмыс орындарына қатысты арыз-шағымдарын білдіргісі келеді. Осыған орай метро станциялары, оның ішінде Лондон метросы да жабық тұр. Британ үкіметі «ереуіл пандемиядан ес жиып жатқан бизнеске зиянын тигізеді» деп алаңдап отыр. Кәсіподақтар болса, «теміржолшылар ереуілі мұғалімдер, дәрігерлер мен қоқыс өңдеу саласы жұмысшыларының наразылық акциясына ұласуы мүмкін», деп мәлімдеді.
Айта кетсек, елде азық-түлік, жанар-жағар май бағасы шарықтап, инфляция деңгейі 10 пайызға жақындады.