Алматыда «Өнегелі өмір» сериясымен кітап шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Өнегелі өмір» сериясымен кітап шықты

03.10.2018

Биыл Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл толды. Атаулы датаға орай, Алматыда «Өнегелі өмір» сериясымен бірнеше кітап жарық көрді.

Туындыларда осы білім ордасының құрылуы мен қалыптасуы және дамуына өлшеусіз үлес қосқан зиялылардың өмірі мен шығармашылығы қамтылған. Мәселен, ұлт мақтаныштары Ораз Жандосов, Санжар Асфендияров, Мәлік Ғабдуллин, Халел Досмұхамедов сынды тарихи тұлғалар бар. Сондықтан, жиынға қатысқан ғалымдар: «Бұл еңбектер тек университеттің емес, бүкіл қазақ жоғары білімінің тарихы», деп баға берді. Айта кетейік, тұңғыш жоғары оқу орыны 1928 жылы ашылды. 1930 жылы Қазақ педагогикалық институты, деп аталды. Ал, 1935 жылы ойшыл, ақын Абайдың есімі берілді. 

Алмат ӘБДІРАМАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу