Испанияда орман өртімен күрес жалғасып жатыр.
Соңғы мәліметке қарағанда, тілсіз жау 25 мың гектар аумақтағы жасыл желекті күлге айналдырған. Және Каталония мен Наварра аймақтарында да сан мың гектар жерді от шарпыды. Өрттің тез тарауына қуаңшылық пен ұйытқыған жел себеп. Оны сөндіруге 600-дей адам мен тікұшақтар және ұшақтар жөнелтілді. Дегенмен, жексенбі күні Испанияда ауаның температурасы күрт төмендеп, ылғал деңгейі жоғарылаған.
Ал, Сьерра де ла Кулебра аймағында жаңбыр құйып, өрттен қауіп сейіліп, 18 ауылдың тұрғындары үйіне оралды.