Жетісу облысында орналасқан Қызылағаш су қоймасы маңынан ұсақ малдың өлекселері табылды.
Бөгет аумағында шамамен 60-қа жуық қой-ешкі және қозылар суға құлап тұншыққан. Ақсу ауданы әкімдігінің мәліметінше, өлекселер судан шығарылып, Қызылағаш ауылы маңындағы өлексе тастайтын арнайы орынға жеткізілген. Сондай-ақ сырғалары тексеріліп, қырылған малдың иелері анықталуда.
Шығынға батқан шаруалар Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексіне сәйкес айыппұл арқалауы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша мал жазғы жайылымға көшіріліп бара жатқанда бөгеттен суға құлаған.