Қытайдың оңтүстік бөліктерінде нөсер жауын жауды. Кей аудандарда лай көшкіні болып, жолдар жабылған. Фуцзянь провинциясында 63 мыңдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Балабақшалар мен мектептер уақытша жұмысын тоқтатты. Ауа-райын бақылаушылардың болжамынша, күшті нөсер келесі аптаға дейін тоқтамауы мүмкін. Жағдайды бақылауда ұстау үшін үкіметтік жұмыс тобы құрылды.
Арай Төлегенқызы