Бүгін Еуропа комиссиясы Украина мен Молдованы Еуропа одағына өтуге кандидат ретінде тануға ұсыныс жасамақ. Ал Грузияға мұндай мәртебе беру үшін Тбилиси бірқатар шарттарға сәйкес келуі керек. Бұны бірер сағат бұрын «Рейтер» агенттігі хабарлады.
Украинаның одаққа қабылдануын қазір аймақтың Германия, Франция, Италия тәрізді алып елдері құптап отыр. Ал Еурокомиссияның осы үміткерлік жайлы ұсынысына Брюссельде келесі бейсенбі-жұма күндері өтетін саммитте қол қойылуы мүмкін.
Кейбір бақылаушылардың пікірінше, одақ бұл идеяны бірауыздан мақұлдаса, Ресей әскерімен шайқасып жатқан Украинаға үлкен моральдық қолдау көрсеткен болып саналады.