Украина ЕО-ға мүшелікке кандидат атануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина ЕО-ға мүшелікке кандидат атануы мүмкін

22.06.2022

Ресей әскері Украинаның Луганск облысындағы Серевдонецк және Лисичанск қалалары маңында бірнеше елді мекенді басып алды. Ал Харьков облысында 15 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Бұл аймақ бірнеше аптадан бері тыныш еді. Сонымен қатар Ресей қорғаныс министрлігі Одесса порты маңында әуе базасына соққы бергенін хабарлады.

Мәскеу қазір Луганск және Донецк облыстары кіретін Донбасс аймағын толықтай алуға әрекет жасап жатыр.Ал, Украина өз территорияларын қайтару үшін Батыстан мол қару-жарақ сұрап отыр.

Украина ЕО-ға мүшелікке кандидат атануы мүмкін

Украина бейсенбі күні Еуроодаққа мүшелікке ресми түрде кандидат атануы мүмкін. Одаққа енетін 27 елдің лидерлері бұл туралы шешімге Брюссельде өтетін саммитте қол қояды деген болжам бар.

Үміткерлік мәртебесі Молдоваға да беріледі. Ал Грузия саяси тығырықтан шыққанда ғана мұндай статусқа ие болуы ықтимал.


Хабарламаларға жазылу