Астанада XVI Тіл фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада XVI Тіл фестивалі басталды

08.09.2014
Астанада XVI Тіл фестивалі басталды

Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасы жылдағы дәстүріне сай Тіл фестивалі деп аталатын ірі науқанды бастап кетті.

Апта бойы шаһардың әр жерінде  түрлі шаралар өткізібек. Әртүрлі байқаулар, концерттер өткізіліп, ірі сауда үйлері мен демалыс саяқбақтарында «Қазақша сөйлесейік!» атты акция ұйымдастырылады.  

Сондай-ақ, фестиваль аясында тегін тілашар сабақтары жүргізіледі.

Ербол Тілешов, Астана қаласы Тілдерді дамыту  басқармасының басшысы:

Тілдер фестивалі мектепте, балабақшада, әрбір отбасында атап өтілуі тиіс. Әрине, тілге назарды науқаншылдықпен фестиваль кезінде аудару ғана міндетті емес. Бірақ, бүгінгі күні өзге тілде сөйлеп жүрген қазақтарды көрген кезде, өзге тілде жұмыс істеп жүргендерді көргенде қайта-қайта еске салғың келеді.

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу