Каспий құбыр консорциумының 2 айлағы уақытша жұмысын тоқтатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий құбыр консорциумының 2 айлағы уақытша жұмысын тоқтатты

16.06.2022

Каспий құбыр консорциумының мұнай тасымалдайтын 2 құрылғысы жұмысын уақытша тоқтатты.

Компанияның ресми хабарламасында алдағы он күнде тек бір құрылғыда мұнай тиелетіні жазылған. Қалған қос айлақта жоспарлы тексеру және жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл шара теңіз терминалының авкаториясында қауіпті болуы мүмкін суасты заттарын кәдеге жаратуға дайындық жұмыстары үшін қажет делінген.

Еске салсақ, биыл наурызда Қара теңіздегі дауылдың салдарынан Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келіп, жұмысы тоқтап қалған еді. Кейін сәуірдің аяғында консорциумының жұмысы қайта жанданған болатын.


Хабарламаларға жазылу