Кеніштегі апат: Бір адам өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеніштегі апат: Бір адам өртеніп кетті

15.06.2022

Маңғыстаудағы мұнай кен орындарының бірінен өрт шығып, бір жұмысшы қаза тапты. Оқиға Жаңаөзеннен 40 шақырым жердегі кеніште бүгін түнде болған. Ұңғымамен жұмыс кезінде кенеттен көтергіш құрылғы тұтанған. Жалын 1 сағатта өшірілді. Өрт болған жерден 1977 жылы туған машинистің денесі табылды. Қайғылы жайттың мән-жайы қазір анықталып жатыр.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу