Павлодарда пара алды деген күдіпен басқарма басшысы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда пара алды деген күдіпен басқарма басшысы ұсталды

15.06.2022

«Алаш көсемінің бюстін жасау үшін 1 млн теңге». Әлихан Бөкейхановтың тұлғасын сомдауға жарияланған тендерді ұтып алған мердігерден Павлодар облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы осыншама қаржы талап еткен. Тіпті, оны алу үшін елордаға барған. Мәліметке қарағанда күдіктінің жанында зайыбы болыпты. Нұр-Сұлтан қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері күдіктілерді ақша алып жатқан жерінде ұстады.

Дамир Тәуекел, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің тергеушісі:
Мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы кәсіпкерден пара алды деген күдікпен ұсталды. Ол мемлекеттік сатып алуға қатысқан мердігермен келісімшарт жасау және атқарылған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қоямын деп келіскен. Тергеу амалдарынан кейін күдіктінің нақты қандай баптармен айыпталатынын жариялаймыз.


Хабарламаларға жазылу