Нарықтағы ахуал: Азия қор биржаларында индекстер төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нарықтағы ахуал: Азия қор биржаларында индекстер төмендеді

15.06.2022

Азияның қор биржаларында құлдырау байқалды. Жапонияның Никкей индексі 0.01% төмендесе, Оңтүстік Кореяның Коспиі де әлсіреді. Австралия нарығында да осындай жағдай. Қор нарықтарындағы мұндай ахуалға АҚШ Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемелерді көтеруі мүмкін деген мәліметтің шығуы түрткі болған.

Айта кетсек, Федералдық резерв жүйесі мұндай қадамға бара ма, жоқ па деген сұрақтың жауабын бүгінгі отырыстан кейін жариялайды.

Авторы: Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу