Әлихан Смайылов: Жыл басынан бері бюджеттің 65 млрд теңгесі игерілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов: Жыл басынан бері бюджеттің 65 млрд теңгесі игерілмеген

14.06.2022

Жыл басынан бері бюджеттің 65 млрд теңгесі игерілмеген. Оның 7 млрд-ы үнемделген қаржы. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі мәлімдеді. Әсіресе Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі көп қаржыны игермеген. Бұған құжаттардың ұзақ рәсімделуі, шоттардың кеш ұсынылуы секілді бірқатар себеп бар. Дегенмен, биыл алғашқы 5 айда отандық экономиканың өсу қарқыны 4,6 пайызға дейін жеделдеген. Жыл басынан экспорт көлемі ұлғайды. Сауда, құрылыс, көлік, тау-кен өндіру өнеркәсібі, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы саласы оң өсім көрсетіп отыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

«Бес айдың қорытындысына сәйкес, Ақмола, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында, сонымен қатар Шымкент қаласы мен Елорда да барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім тіркеліп отыр. Жауапты мемлекттік органдар мен әкімдіктер осы жұмыс қарқынын сақтау керек. Ол үшін экономиканы әртараптандыру, инветицияларды тарту және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды жалғастыру қажет».

Дарын Сағитов 

Хабарламаларға жазылу