Солтүстік Қазақстанның Есіл ауданында жылқы тұмауы тіркелді. Осыған орай Чириковка ауылында шектеу шаралары енгізілді.
Қамбар ата түлігі жаппай ауырып жатқан елдімекеннен жылқы және оның өнімдерін тасымалдауға тыйым салынды. Қазір дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр. Мамандардың айтуынша өңірде бұрын-соңды мұндай ауру тіркелмеген.
Қайырлы Қазанов, Облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
Мал шығыны тіркелген жоқ. Бұл – инфекциялық ауру. Жылқы демігіп, жөтеледі. Қызуы көтеріледі. Дерт – адамға жұқпайды. Карантинге жабылған ауылда мониторинг жүргізілуде. Ветеринарлар ауырған малды емдеп жатыр.