Кибершабуылдарды талдау орталығы «ҚазПоштаға» хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кибершабуылдарды талдау орталығы «ҚазПоштаға» хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлады

13.06.2022

Кибершабуылдарды талдау орталығы «ҚазПоштаға» хакерлік шабуыл жасалғанын хабарлады. Тіпті деректер базасына қолжетімділік бірнеше мың долларға сатылымға шығарылған. Оның көлемі 110 гигабайт және 12 миллион жазбадан тұрады. Онда төлқұжат деректері, толық мекенжай, телефон нөмірлері, пошта, автосақтандыру полисі, карта нөмірлері секілді клиенттердің негізгі жеке деректері бар. Десе де «ҚазПошта» серверден ешқандай мәліметтердің ұрланбағанын және мұны компанияны бопсалау үшін жасаған әлдебіреудің әрекеті деп атады. 

Хабарламаларға жазылу