Ақтауда итбалық мүсінін сындырып тастаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда итбалық мүсінін сындырып тастаған

13.06.2022

Ақтауда 5 ай бұрын ғана орнатылған сәулет нысаны қирап жатыр.

Итбалықтың мүсіні 14-ші А шағын аудандағы теңіз жағалауына жыл басында қойылды. Жобанының құны - 9 млн теңге. Оны қала әкімдігінің тапсырысымен жеке компания орындаған.

Сәулет нысаны суретшінің жеке авторлық еңбегі оған бюджеттен қаржы жұмсалмаған.

 Әнуар Туляков Ақтау қалалық түкш бөлімі басшысының міндетін атқарушы
 Ол арт объект болғасын темірден жасалған. Оның үстіне мініп, секіретін батут емес. Сондықтан сынып жатқан жерлері бар және ол объекті арнайы камераның астына орнатқан болатынбыз. Соған полиция қызметкерлері анықтап жұмыс жүргізсе дейміз. Қазіргі таңда арнайы хатымызды дайындап жатырмыз .


Хабарламаларға жазылу