Түркия Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүше болу туралы өтінімдерін қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүше болу туралы өтінімдерін қолдады

29.06.2022

Түркия Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүше болу туралы өтінімдерін қолдады. Мұны солтүстікатлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді. Әскери Одақтың Мадридтегі саммитінде үш ел өзара меморандумға қол қойған. Айта кетсек, Хельсинки мен Стокгольм Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін ондаған жылдар бойы сақтап келген бейтараптық саясатынан бас тартып, НАТО-ға қосылуға ниет білдірген еді. Дегенмен бастапқыда Анкара бұл шешімге қарсылық білдірді. Ал, Мадридтегі саммит алдында Түркия Швеция мен Финляндияға жазбаша түрде талаптарын жіберді. Анкараның басты талабы - терроризм үшін айыпталған мигранттарды Түркияға экстрадициялау. Бұл мәселе бойынша үш жақ ортақ келісімге келген. Бұған қоса, Түркия қару сатып алуға салынған шектеуді алып тастауды талап етіп отыр. Айта кетсек, Анкараға қарсы мұндай шара түрік әскері Сирияға кіргізілгеннен кейін қабылданған еді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу