Жетісу облысында Алматы-Талдықорған бағытында келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып, бір адам мерт болды.
Көлік апаты Алматы-Өскемен тас жолының 396-шақырымында болған. Алдын ала болжам бойынша, «Setra» автобусының 50 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Көлік Зайсан қаласынан Алматыға қарай келе жатқан.
Оқиға орнында 66 жастағы әйел мерт болды, тағы үш адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. Жарақат алғандардың ішінде 7 жастағы қыз бала бар.