Ұлттық құрылтай Ұлытауда өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрылтай Ұлытауда өтеді

12.06.2022

Ал енді 3 жаңа облыс Абай, Жетісу, Ұлытаудың құрамына тоқталсақ. Президент Жарлығына сай елдімекендер былай бөлінді:

1) Шығыс Қазақстан облысының құрамынан Ақсуат, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті аудандары, Семей және Курчатов қалалары әкімшілік орталығы Семей қаласында орналасатын Абай облысына кіреді;

2) Алматы облысының құрамынан Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Сарқан аудандарын, Талдықорған және Текелі қалалары бөлініп, әкімшілік орталығы Талдықорған қаласында орналасатын Жетісу облысына қарайды;

3) Қарағанды облысының құрамынан Жаңаарқа, Ұлытау аудандарын, Жезқазған, Қаражал және Сәтбаев қалалары енді Ұлытау облысына кіреді. Ал жаңа облыстың орталығы - Жезқазған қаласы.

Соңғы өңірге тоқталғым келеді. Академик Әлкей Марғұлан: «Ұлытау – халқымыздың ел болып қалыптасуына, бірлік-тірлігіне діңгек болған, иісі қазақтың айналып соғар түп қазығындай қасиетті мекен. Ұлытау қазақтың ерте кездегі саяси орталығы ретінде маңызды болғандығына бір дәлел қазақ ұлысының негізін құрған басты-басты тайпалардың барлығының жері осы Ұлытаудан тараған» деп жазған екен. Иә, қазақ елінің халық болып қалыптасуының түп-төркіні осы Ұлытаудан бастау алады. Сондықтан болар, алғашқы Ұлттық құрылтай келесі апта осы қасиетті мекенде өтуі тиіс.


Хабарламаларға жазылу