Референдум – демократия мен саяси теңдікке жетудің ең биік сатысы. Конституциялық өзгерістерге орай өткізілген жалпыхалықтық науқанға қоғам пікірі осындай. Референдум арқылы қоғамның барлық санатымен санасу, пікірін ескеру демократия көрсеткіші, дейді тұрғындар.
Қасым-Жомарт Кемелұлы айтты ғой, біз Жаңа Қазақстан құрамыз деп. Жаңа Қазақстанның басы, нық қадамы дәл осы референдумнан басталады деп ойлаймын.
Енді келешекте жақсылық күтеміз. Бұл референдум деген бекер болмайды ғой. Халық арасында жақсылық болсын дейді, заңдарға өзгеріс енгізіп жатыр. Құдай қаласа, жақсылық болсын деп күтеміз, бәріміз.
Жалпы Әрі қарай біздің өміріміз жақсарады деп сенеміз. Өйткені, бұл референдум бәріне керек нәрсе деп ойлаймын. Елімізге тек қана осындай жеңіске жете берейік, халық қолдады, сол халық үшін жасалып жатқан дүние.
Анар Сабырова, қала тұрғыны:
Негізгі үміт осы жерде келешектің кемел болуына, болашақтың жарқын болуына, жаңа Қазақстандағы істердің жайдарлы болуына мемлекетіміздің құлашын кең самғауы үшін, кеңе жаюы үшін референдумға өз таңдауларын жасады.
Берік Көшербай