Теміртау қаласы: Металлургиялық комбинатта 5 адам үйінді астында қалып қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртау қаласы: Металлургиялық комбинатта 5 адам үйінді астында қалып қойды

10.06.2022

Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинатта 5 адам үйінді астында қалып қойды. Олар сондағы ескі цехтың бірін бұзып жатқан. Пештің мұржасы құлап кетіп, жұмысшыларды басып қалған. Төрт жұмысшы оқиға орнында қаза тапты. Ал 28 жастағы жігіт ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, жағдайы орташа, - дейді дәрігерлер. Оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ арнайы коммисия кұрылып, еңбек инспекциясы тексеруді бастады.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу