Көкшетауда үй өртеніп, 80 жастағы қария көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда үй өртеніп, 80 жастағы қария көз жұмды

10.06.2022

Қайғылы оқиға түс кезінде болды. Қызыл жалынды бір сағат 20 минут дегенде әрең сөндірген. Үйден 80 жастағы қарияның денесі табылды. Түтінге уланып қалған ол өрт шыққанда баспанада жалғыз болған. Негізі үйде барлығы 6 адам тұрған.

Манарбек Шапағатов, Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Полиция органдары жедел тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптамалар тағайындалды. Өрттің себебі әлі анықталып жатыр. Алдын ала болжам жасауға ерте. Үйден табылған 1942 жылы туған әйел адам өлімінің себебін де сараптама анықтайды.


Хабарламаларға жазылу