2030 жылға қарай елімізде жаңартылатын энергия көзін кемінде 15 пайызға дейін арттыру қажет. Шетелдік инвестор кеңесінің отырысында айтқан Мемлекет басшысының бұл ұсынысын сарапшылар аса маңызды дейді.
Сондай-ақ, ірі қалаларда, әсіресе Алматы сияқты мегаполисте әлі күнге дейін жылу электр станциялары көмір пайдаланады. Ауаны ластайтын мұндай орталықтардың жұмысын газға ауыстыру жоспарланған. Бұл қоршаған ортаға тарайтын зиянды заттарды 30%-ға азайтады. Жоба құны 100 млн доллардан асады. Егер жаңартылатын энергияның тұрақсыз және газ тарату ісі шектеулі болған жағдайда «залалсыз» атом үздіксіз энергия берудің жалғыз көзі болады дейді сарапшылар.
Вячеслав Додонов, экономика ғылымдарының докторы:
Мұндай ауқымды жобаларға инвестиция қажет. Бұл жерде тек қаржы тартып қоймай, елге жаңа технологияларды әкелеміз. Қазір шетелдік инвесторлар шикізаттық емес салаларға қызығушылық танытып отыр. Күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе - экономиканы көміртегінен арылту және аз пайдалану технологиясын енгізу.