Лондонда өткен кинофестивальде қазақстандық авторлар үздіктер қатарынан көрінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда өткен кинофестивальде қазақстандық авторлар үздіктер қатарынан көрінді

10.06.2022

Лондонда өткен Еуразия киносының тәуелсіз фестивалінде қазақстандық авторлар үздік деп танылды. Журналист-жазушы Наталья Махноның «Бифуркация нүктесі» шығармасы «Ең үздік сценарий», Ділшат Рахматуллиннің «Бесік жыры» анимациялық фильмі «Көрермендер көзайымы» аталымдары бойынша марапатталды.

Бірақ жеңімпаздар Лондонға келе алмады. Украиналық босқындарды қабылдап үлгермей жатқан Ұлыбритания билігі виза беру уақытын ұзартып тастаған. Жүлделер оларға пошта арқылы жіберіледі.

Еуразиялық шығармашылық гильдиясы коммерциялық емес ұйымы ұйымдастырған кинофестиваль биыл төртінші рет өткізіліп отыр. Оған 11 елдің өкілі қатысып, барлығы жиырма бес туынды ұсынылды. 

Питер Бланд, қазылар алқасының мүшесі:
Наталья Махноны жеңісімен құттықтаймыз. Бірнеше жақсы сценарийлер болды, бірақ «Бифуркация нүктесі» шығармасы өзінің шынайылығымен басым түсті. Сценарийге жас қыздың тағдыры және оның махаббат сезімі арқау болған.


Хабарламаларға жазылу