Атыраулық полицейлер 11 жыл бұрын жоғалып кеткен шетел азаматын тапты. Ол 2011 жылы Қырғызстан Республикасынан әпкесі екеуі Атырау қаласына киім-кешек саудасымен айналысуға келген. Сол жылы нақты мерзімнің аяқталуына байланысты әпкесі еліне кері оралады. Ал сіңілісі қалуға шешім қабылдайды.
Екі бауырдың арасы сол жылы ажырап, сіңлісімен байланыс 11 жылға үзіледі. Тіпті туыстары араға біраз жыл салып, өз бетімен іздеген. Алайда еш нәтиже шықпаған.
Аталған жағдай бойынша Полиция департаменті жанынан арнайы жедел іздестіру тобы құрылып, жоғалған әйелдің табылуына сеп болды.
Жандос Темірғали