Маңғыстаулық полицейлер 4 млн теңгесін жоғалтқан жолаушының ақшасын тауып берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық полицейлер 4 млн теңгесін жоғалтқан жолаушының ақшасын тауып берді

04.12.2020

Жоғалған 4 млн теңге табылды. Ақтауда бірнеше күн бұрын пойыздан түскен жолаушылардың бірі осынша көлемдегі қаржысын жоғалтып алған болатын. Шымкенттен келген ерлі-зайыптылар бұл ақшаға пәтер алып, қалғанын сырқат ұлының еміне жұмсамақ болған. Пойыздан таң сәріде түскен олар, асығып жүріп ақша салған сөмкені қалдырып кеткен. Ақшаның жоқтығын білгенде бірден полицияға хабарлайды. Тәртіп сақшылары жоғалған қаражатты сол пойызбен келген жолаушылардың бірінің үйінен тапты. 

Жұпар Сейдатуллаева, Мұнайлы ауданының тұрғыны:
Мені жұбататын, уайымдамаңыз, табылады деп. Тауып берген күндегі түрімді көрсеңіздер ғой... Полицияларға тек ақ жол деймін. 

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу