Түркістан облысында автобанның бетон плитасы көтеріліп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында автобанның бетон плитасы көтеріліп кетті

09.06.2022

Бұл жағдай кеше «Самара-Шымкент» тасжолының бойындағы Төрткөл кенті аумағында болғаны анықталды. «Қызылорда-Шымкент» ақылы учаскесіндегі цемент-бетон плитасы көтеріліп кеткен. Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбаларда жол ортасындағы үлкен плиталардың ажырап, көліктердің жүруіне кедергі тудырғанын көруге болады.

Аталған мәселеге байланысты «ҚазАвтоЖол» мекемесінің өкілдері ресми мәлімет таратты. Олардың айтуынша, жолдың бұзылуына күннің қатты ысып, 40-45 градусқа дейін көтерілуі себеп болған. Қазіргі таңда осы жолға жауапты мердігер компания жолды уақытша қалпына келтірген. Жөндеу жұмыстары әлі де жалғасы жатыр. Ал жергілікті полиция оларға патрульдеу жүргізіп, ертерек жөндеуге жағдай жасап жатыр.

Хабарламаларға жазылу