Маймыл шешегі әлемнің 29 еліне тарап, мыңнан астам адамнан анықталды. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Халықаралық органның ақпаратына қарағанда вирусқа шалдыққандардың саны әлі де өсуі мүмкін.
Еске салайық, маймыл шешегіне шалдығу оқиғасы алғаш рет Британияда мамырдың 7-сінде тіркелді. Вирус Нигерияға барып келген азаматтан анықталған. Денсаулық сақтау мамандарының мәліметінше, маймыл шешегі жеңіл өтеді, әрі науқастар індеттен бірнеше апта ішінде айығып шығады.