Маймыл шешегі әлемнің 23 еліне тарап үлгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маймыл шешегі әлемнің 23 еліне тарап үлгерді

30.05.2022

Маймыл шешегі әлемнің 23 еліне тарап үлгерді. Індетті 257 адам жұқтырған. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Әдетте Африкада кездесетін маймыл шешегі биыл Батыс Еуропа мен басқа құрлықтарға жеткен. Ол осы күнге дейін Еуропаның бірқатар елдері мен Америка Құрама Штаттарында анықталды. Ал, Ресейде әзірге бұл инфекция тіркелген жоқ. Маймыл шешегі ауру адамнан, кеміргіштерден, приматтардан немесе вируспен ластанған материалдан беріледі. Дененің ыстығы көтеріліп, бұлшықеттің сыздауы, лимфа түйіндерінің ісінуі індеттің негізгі беліглері.

Арыстанбек Рысбек

Хабарламаларға жазылу