Батыс Қазақстанда екі адам суға батып, қаза тапты. Қайғылы жайттың бірі кеше Бөкей ордасы ауданының орталығы Сайқын ауылынан 20 шақырым жерде болған. Осында көктемгі тасқын кезінде жиналған суда шомылған 36 жастағы ер адам батып кетті.
Тағы бір оқиға 4 маусым күні осы ауданның Бисен ауылында болды. Суға батқан 56 жастағы ер адамның денесін жергілікті тұрғындар шығарып алды. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, қайғылы жайттың жай-жапсары анықталып жатыр.