«Exit poll» референдум нәтижесін шығарды
«Exit poll» Конституциялық түзетулерге байланысты референдум нәтижесін шығарды. Оны үш ұйым жүргізген. Нәтижелері бір-біріне ұқсас. Мысалы, «Қоғамдық пікір» институтының мәліметінше, қолдау білдірген респонденттер 74 пайыз, ал қарсы болғандар 25 пайыз.
Ал, референдумге қатысушылар 70 пайыз болған. Ұйым өкілдері 600 учаскеде сауалнама жүргізді. Сұрауға 24 мың адам қатысқан. Ал, Демократия институының ақпаратынша, референдумға халықтың 66 пайызы қатысқан. 20 пайыздан астамы қарсы болса, қалғаны қолдаған. Ал, Социс-А ұйымы дауыс берушілердің көбі өзгерістерді қолдағанын хабарлады. 23 проценті қарсы болған. Дауыс беруге халықтың 67 пайызы қатысқан. Еске салайық, бұл мәліметтер кеше түнгі 12:00-де «Exit poll» жариялаған ақпарат.
«Қоғамдық пікір» институтының мәліметінше:
Қолдау білдірген респонденттер 74,8 %
Қарсы болғандар 25,2 %
Референдумге қатысушылар 70,1 %
Ұйым өкілдері 600 учаскеде сауалнама жүргізген
Сұрауға 24 мың адам қатысқан
Демократия институының ақпаратынша:
Референдумға халықтың 66,3 % қатысқан
20,6 пайызы қарсы болған, 79,4 % қолдаған
Социс-А ұйымының хабарлауынша:
Дауыс берушілердің 76,7 % өзгерістерді қолдаған
23,3 проценті қарсы болған
Дауыс беруге халықтың 67,5 % қатысқан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
