Конституция күнінде «Несібе» орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституция күнінде «Несібе» орталығы ашылды

30.08.2014
Конституция күнінде «Несібе» орталығы ашылды

Бүгін Конституция күні мерекесіне орай, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында жеке кәсіпкер Қауымбаев Аманжол өз қаражаты есебінен 1 желімдеу, 1 авто бөлшектер, 2 көлік жуу, 2 техникалық қызмет көрсету боксынан тұратын «Несібе» техникалық жөндеу орталығының ашылды.

Аудандық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба құны 12 миллион теңгені құрайды.

Жоба Жалағаш аудандық Кәсіпкерлер Палатасы және Даму кәсіпкерлікті қолдау орталығы, Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен қолға алынған.

 Ашылу салтанатына жергілікті атқарушы органдар өкілдері мен аудан кәсіпкерлері қатысты. Аталған орталықта 8 жаңа жұмыс орны құрылды.

Бүгінде Кәсіпкерлер палатасы және Даму кәсіпкерлікті қолдау орталығы арқылы техникалық жөндеу орталығын кеңейтуге, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша, орталыққа қажетті құрал жабдықтар алуға 6 миллион теңгеге бизнес жоспар дайындап бүгінде екінші деңгейлі банктің оң шешімі күтілуде.

Хабарламаларға жазылу