Тәуелсіздік алғалы Қазақстанға 1 миллионнан астам қандасымыз көшіп келді
Тәуелсіздік алғалы Қазақстанға 1 миллионнан астам қандасымыз көшіп келді. Олар әр салада еңбек етіп елдің дамуына өз үлесін қосып келеді. Барлық саяси науқаннан да тыс қалған емес. Жасы сексеннен асса да бүгінгі рефрендумға тұңыш қатысқандары да бар.
Ел мен жерге абырой бер деп, бата тілеп отырған- Жексенбай ақсақал 2006- жылы Атамекенге Қытайдан қоныс аударған. Жұбайы Мүтан әже екеуі жеті бала тәрбиелеп жеткізген, өнегелі отбасы. Қазыналы қарт ешбір саяси науқаннан тыс қалған емес. Бүгін де, бәйбішесімен бірге өз таңдауын жасауға келді. Сексеннің сеңгіріне шыққан қария референдумға алғаш рет қатысып отыр.
Жексенбай Тоқайұлы, зейнеткер:
Мына халықты көріп, қиын өзім шабыттанып тұрмын. Бала-шаға, үлкен кіші демей жаяу-жалпылы келіп жатыр. Теледидардан да көріп жатырмыз. Барлық жерде осындай болып жатыр. Мәселен қазақ айтады. Сыртқы жаудан, ішкі даудан сақтасын. Біздің мәңгі көк тумыз желбіреп, қазаққа мәңгі бақ берсін деп дауыс бердім.
Екі мыңыншы жылдардың басында Қазақстанға ат басын біржола бұрған Әскерхан Ақтай да белсенді азаматтың бірі. Соңғы шақырылымда қалалық маслихатқа депутат болып сайланды. Ақын-драматург азамат бүгінде қандастар мәселесінің оң шешілуі мен руханият саласында еңбектеніп келеді.
Әскерқан Ақтай, «Отандастар» қорының ШҚО бойынша өкілі:
Мына шеттен оралған қандастарымызға әр түрлі заңдық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Басқадай жаңағы мемлекеттік қызметтерге тарту қоғамдық ұйымдарға, қоғамдық жұмыстарға тарту деген өте жоғары деңгейде. Бүгінгі референдумға жалпы 28 шағын аудан «Нұрлы көш» шағын аудананыда тұратын халықтың, белсенділігі жоғары.
Белсенділік жоғары екенін осы референдум учаскесіндегі комиссия мен байқаушылар да растап отыр.Ауылдағы 6 мыңға тарта тұрғынның түске дейін 60 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген.
Салтанат Жолшыбаева, №52 референдум учаскесінің төрағасы:
Таңертең сағат алтыда ашылды. Бәрі келді. Дауыстарын беріп жатыр. Тоқтаған жоқ. Ауа райына қарамастан өте жақсы өтіп жатыр.
Жалпы еліміз бойынша шығыс қазақстан облысы референдумға қатысушылар саны жағынан алдыңғы қатардағы аймақ саналады. Өңірде бір миллионға жуық адам дауыс беруге құқылы. Олар бүгін 1027 референдум учаскесінде өз таңдауларын жасады.
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
