Ұлттық Ұлан әскери қызметкерлері ҚР Конституция күніне орай салтанатты кеш ұйымдастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық Ұлан әскери қызметкерлері ҚР Конституция күніне орай салтанатты кеш ұйымдастырады

29.08.2014
Ұлттық Ұлан әскери қызметкерлері ҚР Конституция күніне орай салтанатты кеш ұйымдастырады

Астанада еліміздің Ата заңы - Қазақстан Республикасы Конституциясының 19 жылдығына орайластырылған іс-шаралар өтуде. Құжат әскери қызметкерлер қорғайтын еліміздің басты құндылықтарын - Тәуелсіздікті, Бейбітшілікті және Тұрақтылықты бекітті, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.

Мереке қарсаңында Ұлттық Ұлан сарбаздары әскери қызмет озаттарын құттықтап, грамоталар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етеді. Сондай-ақ, көрермендер назарына мерекелік концерт ұсынылады.

Салтанатты шараға Ұлттық Ұланның Бас қолбасшылығы, офицерлер мен келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметкерлер, Ұлы Отан соғысы мен жергілікті соғыстардың ардагерлері, сондай-ақ, өзара әрекет ететін органдардың өкілдері қатысады.

Шара 29 тамызда сағат 16:00 Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығының акті залында өтеді.

Хабарламаларға жазылу