Ауғанстандағы «Талибан» билігі көкнар алқаптарын жоюға кірісті. Алайда, фермерлер онсызда кедейшілік өршіп бара жатқанда, миллиондаған адамның жағдайы тіпті қиындайды деп шағымданып отыр.
Тоғыз ай бұрын басшылыққа келген тәліптер сәуірде ел аумағында көкнар шаруашылығын құрту жөнінде қаулы шығарды. Айта кетейік, Ауғанстанда есірткі өндірісі тұрақты түрде артып келеді. 2021 жылы 177 мың гектардай жерге көкнәр егілген. Одан 650 тонна героин алынады. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, 2020 жылы бұл көрсеткіш 590 тонна болған.
Осы ұйымның өзге бір дерегінше, 90-шы жылдардың аяғында «Талибан» қатаң шара қолданып, екі жыл ішінде есірткі өндірісн толық тоқтатуға шақ қалған. Алайда, 2001 жылы АҚШ әскері тәліптер үкіметін құлатқаннан кейін фермерлер оны қайта өсіре бастады.
Арыстанбек Рысбек