Қазақ халқы ата-бабаларының айтқан ақылымен өркендеген – Сұлтан Сартаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ халқы ата-бабаларының айтқан ақылымен өркендеген – Сұлтан Сартаев

29.08.2014
Қазақ халқы ата-бабаларының айтқан ақылымен өркендеген – Сұлтан Сартаев

Ел егемендігі декларациясының негізін қалаушылардың бірі, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаев «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болды.

«Бүгінгі күні біз Ата Заңымыз деп отырмыз. Қазақ атасын сыйлаған халық.  Бабаларын құрметтегендіктен, Конституцияны да соншалық құрметтеп, Ата Заңымыз деп атап отырмыз. Қазақ халқы өзінің ата-бабаларын құрметтеумен, солардың даналық сөздерін халықтың есінде сақтаумен, солардың айтқан ақылымен өркендеген халық»,  - дейді ол.

Сонымен қатар, Сұлтан Сартайұлы 1993 жылы қабылданған  Конституцияның араға аз уақыт салып, қайта өзгеріске енгізілгені жөнінде де айтып өтті.

«Бірінші Конституцияда біз Президенттің құқықтары мен міндеттерін жетелеп, жақсылап көрсете алмаппыз. Сондықтан, 1995 жылы жаңа Конституция қабылдадық. Мемлекет басшысының құқықтары мен міндеттерін жақсылап, дәріптеп көрсеткен болдық», - дейді заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаев.

Хабарламаларға жазылу