Қазақстан қарулы күштерінде оқу-жаттығулардың жазғы кезеңі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қарулы күштерінде оқу-жаттығулардың жазғы кезеңі басталды

03.06.2022

Қазақстан қарулы күштерінде оқу-жаттығулардың жазғы кезеңі басталды. Әскерилердің жауынгерлік даярлығын жетілдіру үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі өткізген брифингте айтылды. Бөлімшелер урбандалған және таулы жердегі, аспан мен теңіздегі соғыс тактикасын пысықтайды. Ол үшін жаз бойы әрүрлі деңгейдегі 190-ға жуық тактикалық оқу-жаттығу өтеді. Сондай-ақ, Қазақстан әскерлері халықаралық оқу-жаттығуларға да қатысып, шеберліктерін шыңдайды. Жауынгерлік даярлықтың жоспарында соғыстың жаңа әдістері де бар.

Дәулет Оспанов, ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары:

Қазіргі соғыста, Сирия, Таулы Қарабах, Украинаны алатын болсақ, үлкен дивизиямен соғысып жатқан жоқ. Қазіргі ерекшелігі, кішкентай тактикалық топтар деп аталады, соларға көңіл бөлініп жатыр. Ол ұрыстардың бәрін зерттеп, арнайы әдістерін өзіміздің әскерлердің жоспарына қосып жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу