Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша алдағы республикалық референдумға қатысты алматылықтардан 1000-нан астам ұсыныс пен тілек қабылданды.
Мәжілістегі «Amanat» фракциясының депутаттары үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Балаларды оңалту орталығының ұжымымен кездесіп, Ата заңға енетін өзгерістерді жіті түсіндірді. Депутаттардың сөзінше, халықтың саяси науқанға деген көзқарасы жақсы, оны азаматтардың белсенділігінен байқауға болады.
5 маусым күні өтетін референдумға ел тұрғындарының 80-90 проценті қатысады деген болжам бар.
Еске салайық, егер қатысушылардың жалпыхалықтың үлесі 50 пайыздан төмен болса, референдум есепке алынбайды.
Сырым Адамбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Депутаттар қазір өңірлерде жүр. Ел азаматтарының 90 проценті өзгеріс керек деп отыр, яғни референдумды қолдайды.
Ерболат Қасымов, Алматы қаласы мәслихатының депутаты:
Осы шараға шақырып жүргенімізге 1 ай болады. Бүгін үгіт-насихат жұмыстарының соңғы күні, ал ертең тыныштық күні. 5 маусым күні келіп, әділетті Қазақстанға дауыс берулерініңзді сұраймын.