Маңғыстауда әкім орынбасарын қамауға алу бір айға ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда әкім орынбасарын қамауға алу бір айға ұзартылды

03.06.2022

Маңғыстау әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды.

Ақтау мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы 24 маусымына дейін ұзарған.

Шенеунік биыл қаңтар айында ұсталған еді. Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.


Хабарламаларға жазылу