Оқиға қала іргесіндегі Жаңақоныс елді мекені тұсында болған.
Жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып аялдамада тұрған 21-ші бағыттағы автобусты соққан. Қоғамдық көлік екпінімен барып тағы бір автобусқа соғылды.
Полиция департаментінің мәліметінше, 2 автобуста 80-ге тарта жолаушы болған. Оншақтысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.