Балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекеттен субсидия бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекеттен субсидия бөлінеді

02.06.2022

Балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге мемлекеттен субсидия бөлінеді. Әрі кәсіпорындарға салық мөлшерЛемесі жеңілдетіледі. Өйткені, саланы дамыту қажет.

Елімізде 42 мыңнан астам өзен бар. Бірақ, отандық балық шаруашылығы Өзбекстан, Қырғызстан сынды көрші елдермен салыстырғанда, кенжелеп қалған. Өзбекстан жылына 300 мың, ал Қырғызстан 20 мың тоннаға дейін балық өндіреді. Біздің көрсеткіш 14 мың тоннадан аспай отыр. Мақсат - жылдық өнім көлемін алдағы 8 жылда 270 мың тоннаға дейін жеткізу. Өзекті мәселені шешу мақсатында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Түркия, Польша елдерінің мамандарын жинап, халықаралық конференция ұйымдастырды. Жиында шетелдік сарапшылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, аталған саланың маңызды тетіктерін талқылады. Айта кету керек, былтыр Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды. Енді ведомство, «іс жүргіземін» дегендерге қаржылай және басқа да қажетті көмек беруге әзір.

Алмас Асылбек, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:

Ол біріншіден субсидия. Субсидияның екі бағыты бар: инвестициялық субсидия. Балық шаруашылығы субьектілері қондырғыларды, зауыттарды салып ақша жұсаса соның мемлекет 25 пайызын өтейді. Екінші бағыт балық шабақтарын сатып алады, жемдерін, дәрі-дәрмектерін сатып алады. Соған 30 пайыз, қалған түрлеріне 50 пайызы өтеледі.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу