2 жылда 24 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 жылда 24 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер қысқарады

16.09.2020

Елімізде 2 жылда мемлекеттік органдардағы 24 мыңнан астам бірлік қысқарады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі мәлімдеді. Штатты оңтайландыру жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Мәселен, биыл 10 пайыз, яғни 10 мыңға жуық бірлік қысқартылады. 

Олар бос тұрған орындар. Ал келер жылы 15 пайыз, яғни 14 мыңдай нақты қызметкерді жұмыстан босату көзделіп отыр. Агенттік өкілі қай жұмысшының қысқартуға ілігетінін әр ведомство басшысы шешетінін жеткізді. Шешім қабылданарда қызметкер жұмысының тиімділігі негізге алынады. Осылайша, қазір мемлекеттік қызметшілердің саны 97 мың болса, 2022 жылы 75 мыңға дейін азаюы тиіс. Ал қысқартудың арқасында қалғандарының жалақысы 15 пайызға көтеріледі. 

Думан Әбілев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департамент директорының орынбасары:

- Еңбек кодексімен қорғалатын азаматтар бар. 3 жасқа дейінгі балалары бар қызметкерлер, жалғызбасты аналар қысқартуға жатпайды. Зейнетке 2 жылға қалған қызметкерлер қысқартуға жатпайды.

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу