Атырауда 144 отбасы «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша жаңа пәтерге ие болды.
«Біз 72 пәтері бар екі үйді мереке қарсаңында тапсырып отырмыз. Бұл үйлер «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша салынды. Бұл пәтерлерді көпбалалы отбасылар, тозығы жеткен үй тұрғындары, бюджетті мекемелердің қызметкерлері», - деді Атырау облысының әкімі Бақытқожа Ізмұхамбетов.
Бақытқожа Ізмұхамбетовтың сөзінше, жылдың соңына дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша 1832 отбасыға арналған бірнеше үй салынады деп жоспарлануда.